8 қазанда Павлодар облысында жаңбыр жауады

8 қазанда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидрометтің» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +3...+8°C болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. 

Күндіз ауа температурасы  +7...+12°C аралығында сақталып, жаңбыр жауады.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +3...+5°C болады. Аспанды бұлт торлап, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Күндіз ауа температурасы +10...+12°C шамасында болады. Жаңбыр жауады.