9 шілдеде Павлодар облысында аптап ыстық күтіледі

9 шілдеде Павлодар облысында аптап ыстық күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +14...+19°C-қа дейін жылы болады. 

Күндіз сынап бағанасы +32...+37°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысында өте қатты ыстық болады деп болжануда. Ауа температурасы +40°C-қа дейін көтеріледі деп күтіледі.  

Павлодар қаласында  түнде ауа температурасы +16...+18°C болады. Күндіз +34...+36°C-қа дейін ысиды. Жауын-шашынсыз, күн ашық болады.