«Өнер қаласы»: Екібастұзда граффити жастар байқауы өтеді

«Өнер қаласы»: Екібастұзда граффити жастар байқауы өтеді
Фото: Константин Шелков

Жасөспірімдер арасында нашақорлық, лудомания дертін алдын алдын алу себебімен өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аталмыш іс-шара шығармашыл жастарды анықтауға, оларға қолайлы жағдай жасауға, көркемдік безендіруге ынталандыруға үйретеді. Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәлімдеуінше, шығармашылығын дамыту және қолдау үшін керек. 

Байқауға 18-35 жастар аралығындағы жастар қатыса алады. Онда есірткі бизнесіне қарсы идеологияны насихаттайтын тақырыптық бағыттар ұсынылады. Шығармашылық бәйгеде граффити жұмыстарын қолданудың оң мысалдары насихатталады, қаланың сыртқы келбетін өзгертуге көмектеседі. 

«Өнер қаласы» граффити жастар конкурсы үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең:

Эскиздерді А4 форматындағы альбомды режим бойынша электронды поштаға жіберіп, ұсыну қажет.

Екінші кезең:

Эскиздерді бағалау, конкурсқа ұсынылған үздік жұмыстарды анықтау.

Үшінші кезең: 

Үздік деп танылған граффити жобаларын арнайы дайындалған ғимараттарда іске асыру.

Граффити жобаларды құру кезінде конкурсқа қатысушылар алаңдардың, қабырғалардың архитектуралық колористикалық ерекшеліктерін ескеру қажет. Сондай-ақ, орындалған эскиздер қала меншігінде қалып, суретшінің авторлық құқығы сақталады. Ең көп ұпай жинаған қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады. Ұпайды арнайы құрылған комиссия мүшелері береді. Комиссия мүшелерін «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ бекітеді.

Айта кетейік,барлық сұрақтар бойынша +7 747 040 7094 нөміріне хабарласуға болады.