Апаттық сөну: Павлодарда тұтынушылар үшін есептеу жүргізілмейді
Бұл туралы «Павлодар-Водоканал» ЖШС ақпарат таратты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Павлодар қаласының тұрғындарына 2024 жылғы 21 маусымда сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін тұтынушылар үшін (есептеу аспаптары жоқ) есептеу жүргізілмейді. Бұдан басқа, күнтізбелік 30 күн ішінде уақтылы жүргізілмеген төлем үшін өсімпұл есептелмейді, – деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы 21 маусымда түске дейін оңтүстік су қабылдағыштың 1-сорғы станциясында технологиялық сорғы жабдығының апаттық сөнуі орын алды. Павлодар қаласының сумен жабдықтау жүйесінің тарату желісіндегі қысым төмендетілді. Бұл ретте көпқабатты тұрғын үй қорының бірінші-екінші қабаттарына және жеке тұрғын үйлерге су келіп тұрды.
Сол күні кешке сорғы жабдықтарының ақауы жойылып, сағат 21.00 шамасында сумен жабдықтау жүйесінің құбырларын толтыру басталды. 2024 жылдың 21 маусымындағы күннің соңында құбырлардағы қысым толығымен қалпына келтірілді.
Компанияда қала тұрғындарынан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. ⠀