Павлодарда нөмірлік белгілері оқылмайтын жүргізушілерге айыппұл салынуда

Полицейлер жол жүру ережелерін бұзуды болдырмау мақсатында рейдтер өткізіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қамзин – Ломов көшелерінің қиылысында «Mazda» маркалы көлік және Жетекші кентінде көлік құралдары лас, ал мемлекеттік тіркеу нөмірі оқылмайтын «Hyundai Starex» автомашинасының жүргізушісі тоқтатылды.
Облыстық полиция департаменті ауа райына қарамастан, автокөліктің нөмірлік белгілерін таза ұстаудың маңызды екенін айтты. Ластанған нөмірлер көлік құралдарының қауіпсіздігін төмендетіп, жолдағы көрінуді қиындатады.
– Жылдамдық өлшегіштер мен бейнекамералар көлікті жол ережесін бұзғаны үшін тани алмауы үшін жүргізушілер көліктегі нөмірлерді әдейі ластап, бүркемелейді. Егер сандар мен әріптер көрінбесе немесе нашар ажыратылса, құқық бұзушы жауапкершіліктен құтыла алмайды. Ережені бұзған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – деді департаменттің баспасөз қызметі.
Ведомство жыл басынан бері нөмірлік белгілердің ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келмейтін немесе оқылмайтын көлік құралдарын жүргізу ережелерін бұзғаны үшін 717 бұзушылықтың жолын кескенін атап өтті. Құқық бұзушыларға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.