Асайын Байханов аймақтағы үздік балалармен таңғы ас ішті (ВИДЕО)

Асайын Байханов аймақтағы үздік балалармен таңғы ас ішті (ВИДЕО)
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Галстуксыз кездесуге облыстағы түрлі әлеуметтік жобаларда үздіктер қатарынан көрінген, ерлік істер жасаған және түрлі байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздары атанған балалар келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шара туралы аймақ басшысы Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында жазды.

- Жас зерттеушілер және өнертапқыштармен, еріктілермен, кәсіпкерлермен, спортшылармен әңгімелесу өте ерекше әсер қалдырды. Бірнеше бала қазірдің өзінде жасөспірім кезінде-ақ, тіпті, кәмелеттік жасқа толмай, шағын бизнесі мен тұрақты табыс көзі барын және жанұясына көмектесіп, қайырымдылық көмек көрсетенін айтты. Менің ойымша, көптеген ересек жандар осындай балалардан үлгі алуы керек, - деді облыс әкімі.

Жазбасының соңында Асайын Байханов барлық балаларға зор денсаулық, барлық бастамаларына сәттілік және бақытты балалық шақ тіледі. Әрі еліміздің жас тұрғындары жайлы ортада өсіп, барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуі үшін бар күш жұмсалатынын айтты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)