Жұма күні Павлодар облысында 33 градусқа дейін ыстық болады

Жұма күні Павлодар облысында 33 градусқа дейін ыстық болады
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Қазгидрометтің мәліметінше, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с құрайды. 

Ауа температурасы түнде +10...+15, күндіз +28...+33 градус ыстық болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.  

Түнде ауа температурасы  +12...+14 градус, күндіз +31...+33 градус ыстық болады.