Павлодар қаласы білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды
Бұдан бұлай қалалық білім бөлімін Қуаныш Қыдыралин басқарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы білім бөлімінің жаңа басшысы өзінің Instagram парақшасында жазды.
- Сіздермен диалог жүргізе алатын жеке парақшама қош келдіңіздер. Өткен аптадан бастап Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы болып тағайындалдым. Мұнда мен білім беру саласындағы маңызды ақпараттармен бөлісетін боламын. Әрбір павлодарлықтың мәселесін назардан тыс қалдырмауға тырысамын, - деп жазды ол.
Сонымен қатар Қуаныш Қыдыралин бұл қызмет еңбек жолындағы жұмыстың жаңа бағыты еместігін атап өтті.
- Павлодар қаласының білім беру жүйесінде айтарлықтай жұмыс тәжірибем бар. Мен саладағы біршама мәселелерді білемін және өзім үшін осы жұмыстағы басымдықтарды белгіледім. Бірінші кезекте бұл - ашық болу, - деп толықтырды.
Алдағы уақытта білім беру бөлімі инновацияның, дамудың және жаңа нәтижелерге қол жеткізудің символы бола алатынына сенім білдірді.