Асайын Байханов Павлодар қаласының тұрғындарымен кездеседі
Ол халықтың сұрақтарына жауап береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 29 желтоқсан күні сағат 15:00-де Павлодар қаласының Естай атындағы мәдениет үйінде Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың Павлодар қаласының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтеді.
Кездесу облыс әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_region ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Ескерту: эфир кезінде пікір жазу функциясы спикерлердің сөз сөйлеуі кезінде өшіріліп, сұрақ-жауап сессиясы кезінде қосылатын болады.