Павлодар облысында студенттер мен оқушылар үйден оқиды
Оған ауа температурасының күрт төмендеуі себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы мәлімдеді.
24 ақпан күні аймақта бірінші ауысымда оқитын 1–11-сынып оқушылары, сондай-ақ 9-сынып негізінде білім алып жатқан колледждердің 1–2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.