Асайын Байханов павлодарлықтарды рәміздер күнімен құттықтады
Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Аймақ басшысы өз құттықтауын Instagram парақшасында жариялады.
- Бүгінде Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері әлемге танымал және еліміздің әрбір тұрғынының өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ту, Елтаңба және Әнұран қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихымызға, мемлекеттік тілімізге, мәдениетіміз бен дәстүрімізге терең құрметті қалыптастыру көзіне айналды. Барлық павлодарлықтарды мерекемен құттықтаймыз. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін, - деп жазды.
30 жыл бұрын - 1992 жылы 4 маусым күні еліміздің Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми түрде бекітілді.