Павлодар облысындағы табиғи өрт сөндірілді

Өрттің ауданы анықталуда, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында ҚР ТЖ министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов жедел жағдай және табиғи өртті жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндаған болатын. 

Өртке жұмылдырылатын күштер мен құралдарды үйлестіру мақсатында министрліктің жедел штабы іске қосылды, сондай-ақ Павлодар облысының Желтау ауылында далалық жедел штаб құрылды. 

Еске сала кетейік, 6 қазанда Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданының аумағындағы дала өрті  Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ормансыз аумағына өткен. 

Облыс әкімі Асайын Байханов өрт ошақтарын жою орнында өңірлік жедел штабтың отырысын өткізді. Өңірде құрбандар мен зардап шеккендер анықталмады.