Аударылған Lexus: Павлодарда екі көлік соқтығысты

Аударылған Lexus: Павлодарда екі көлік соқтығысты
Фото: tipavlo.dar

Соқтығыс салдарынан екі жүргізуші де медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  сағат 07:00 шамасында Н.Назарбаев даңғылы мен М. Жұмабаев көшелерінің қиылысында «Газель» автокөлігінің жүргізушісі «Lexus» автокөлігіне соқтығысқан.

– Аталмыш жол апаты салдарынан 1968 және 1990 жылы туылған екі жүргізуші де медициналық көмекке жүгінді. Олар №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, – дейді жедел жәрдем станциясында. 

Қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.