Ақсуда жүргізуші жүкті әйел жол апатына түсті
Жедел жәрдем оқиға орнына төрт минутта жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 14 шілдеде сағат 18:00 шамасында Ақсуда көлік жүргізіп жүрген 33 жастағы әйел апатқа ұшырады. Жүктіліктің 38-ші аптасында болуы жағдайды қиындатты. 103 қызметкерлері оны қалалық аурухананың қабылдау бөлмесіне жеткізді.
13 шілдеде сағат 22:00 шамасында жедел жәрдемге Жетекші ауылынан екі шақырым жерде Шарбақты ауданына баратын жолда жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені туралы шақыру түсті. Медициналық топ қоңырау шалғаннан кейін тоғыз минутта оқиға орнында болды. Өкінішке орай, зардап шеккен адамды құтқару мүмкін болмады – 27 жастағы қыз өмірмен сәйкес келмейтін жарақат алды.