Павлодарлықты Америкада өткен турнирде «тұншықтырып» тастады
Денверде аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 59 бойынша кезекті турнирі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық файтер Мария Агапова бразилиялық Луана Сантоспен кездесті. Бразилиялық спортшы октагонның иесі кім екенін бірден аңғартты. Шамамен жекпе-жектің бірінші минутында павлодарлық спортшы бетінен қатты соққы алды, кейін Луана Сантос дзюдо әдісін қолданып, Мария Агапованы құлатып, қолмен түншықтыру әдісін қолданды.
Павлодарлық спортшы аталмыш әдістен суырылып шыға алғанымен бразилиялық спортшы бұған дейінгі әдісі қайта қолданып, Мария Агапованы мерзімінен бұрын тізе бүктірді. Бұл – UFC октагонында 27 жастағы Мария Агапованың үшінші жеңілісі.
Мария Агапова бұған дейінгі жекпе-жегінде Джиллиан Робертсонға есе жіберді. 2022 жылдың 17 қыркүйегінде павлодарлық спортшы дәл осындай әдіске алданған еді.