Павлодардағы аквапарктың құрылысы қашан аяқталады?

Павлодардағы аквапарктың құрылысы қашан аяқталады?
Фото: Константин Шелков

2027 жылға дейін 3 инвестициялық жоба жүзеге асуы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл жайлы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков мәлім етті.

– 2027 жылы 3 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы жоспарланып отыр. Соның ішінде 400 орындық аквапарктың құрылысы бар. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2025 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылмақ, – дейді Хасар Хабылбеков. 

Сондай-ақ, қала әкімі «Аlazar group» қонақ үйінің құрылысы жайлы да айтып өтті. 4 жұлдызды қонақ үй 9 қабаттан тұрады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталмақ. 2027 жылы қонақ үй қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. 

Үшінші жоба – жайлы демалыс. Бұл орталық жағажайға қарама-қарсы аумақта құрылатын демалыс орны. Бүгінгі таңда инвестициялық келісім жасау жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш жоба 2025 жылдың мамыр айында басталмақ.