Баянауыл ауданының шалғайдағы ауылы жарықтандырылады

Баянауыл ауданының шалғайдағы ауылы жарықтандырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Абаттандыру жұмыстары аудан әкімдігінің бақылауында, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаев бірқатар ауылдарда жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Теңдік – Ұзынбұлақ автожолының жоспарланған он бір шақырымының алты шақырымы асфальтталды. Мердігер жұмысын жалғастыруда. Ақши ауылындағы мектепте жаңа спорт залдың іргетасы бетонмен қаланды.  

Сәтбаев ауылында ұзындығы үш шақырымға жуық кентішілік жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу толық аяқталды. Құндыкөл ауылдық округінің Егіндібұлақ ауылы жарықтандырылады. Жол бойында ұзындығы 2,5 шақырым көше жарығы орнатылады. Мердігер жер жұмыстарын бастады. Барлығын 25 қазанға дейін аяқтау жоспарлануда.

Биыл Ақсан ауылдық округінде абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланған. Оның ішінде Қаражар ауылында мәдениет үйін жөндеу және екі қабатты мектеп салу  жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталады.