Павлодарда трамвай депосы ауданында жол жабылады

Павлодарда трамвай депосы ауданында жол жабылады

3-9 шілде аралығында трамвай депосы ауданында рельс пен шпал торы ауыстырылады, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, осыған байланысты жолдың бұл бөлігі көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады.

Бөлімде келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрап, автокөлік жүргізушілерінен өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.