Екібастұзда жүзден астам аула жарықтандырылады

Екібастұзда жүзден астам аула жарықтандырылады
Фото:pixabay.com

Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Биыл жоспар бойынша 279 ауланың ішінен 116 аулада жарық орнату көзделуде. «Горэлектросеть» ЖШС мердігерлік ұйымы аталмыш жұмыстармен айналысатын болады. Облыстық бюджеттен жарықтандыруға 500 миллион теңге бөлінді. 

– Аула ішіндегі жарықтандыру болған жоқ. Үйдің қамын ойлайтын тұрғындар өз қалтасынан ақша салып, жарықты орнатып жүрген. Бүгінде 40 аулада жарықтандыру орнатылды, – деді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин. 

Оның сөзінше, жарықтандыру бойынша барлық жұмыстар 20 желтоқсанға дейін аяқталады. 

Ал көшелер бойынша асфальттау мәселесі екі жылдың ішінде шешіледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда қаланың төрттен бір бөлігінде асфальт төселген. Қала әкімі Аян Бейсекиннің сөзінше, әлі 130 ауланы асфальттау қажет. Биыл 62 аулада асфальт төселді.