Баянауылда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

Баянауылда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Оқиға акваторияны патрульдеу кезінде тіркелген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Жасыбай» демалыс аймағында суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері суда көмекке мұқтаж адамды байқап, бірден құтқару жұмыстарына кіріскен.

Құтқарушылар 1998 жылы туған ер адамды судан жедел шығарып алды. Жағада оған алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіліп, кейін медициналық тексеруден өткізу үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Мамандардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды еске салады. Атап айтқанда, тек рұқсат етілген және арнайы жабдықталған орындарда шомылу, белгіленген аумақтан алысқа жүзбеу, алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеу және балаларды қараусыз қалдырмау қажет.