Павлодарда теректер жанды

Павлодарда теректер жанды

Ағашпен қоса құрғақ шөп жанған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7 маусым күні сағат 15:40-та Циолковский көшесі, 16/1 мекенжайында терек жанып жатқаны туралы хабар түскен.

Құтқарушылар келгенде 50 шаршы метр аумақта құрғақ шөп пен теректер жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 16:31-де сөндірілді, – деді департаментте.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына 1 техника мен 6 қызметкер жұмылдырылды.

Фото: облыстық ТЖД