Екібастұз энергия торабында авариялық ажырату орын алды

Бұған өңірдегі қолайсыз ауа райы себеп болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«KEGOC» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусым күні сағат 16:44-те Екібастұз энергия торабында 500 кВ электр жеткізу желісі авариялық жағдайда ажыратылды.
– Аварияға қарсы автоматиканың іске қосылуы салдарынан шамамен 800 мегаватт көлемінде электр қуатына шектеу енгізілді. Қазіргі уақытта мамандар 500 кВ желісін қайта қосу және энергия жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Желіні толық қалпына келтіру уақыты шамамен 1,5-2 сағатты құрайды, – делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстары аяқталған соң оқиға бойынша толық мәліметтер мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат беріледі.