Екібастұзда тротуардан өткен көлік жүргізушісін жауапкершілікке тартты

Екібастұзда тротуардан өткен көлік жүргізушісін жауапкершілікке тартты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ВАЗ жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны видеоға түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 59 жасар заң бұзушы Королев көшесіндегі №9 және №11 мектептер арасында жаяу жүргіншілер жолымен келе жатты. Қала тұрғыны қалалық полиция басқармасының Instagram-парақшасына жолдаған бейнежазбаның арқасында тәртіп сақшылары көлік жүргізушісін тауып алды. 

Полицейлер 59 жастағы жүргізушіге жолдың жүру бөлігінде көлік құралын орналастыру, қарсы қозғалыс немесе басып озу ережелерін бұзғаны, жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Онда 15 айлық есептік көрсеткіш (55380 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, – деп атап өтті жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы Талғат Шанкотов.

Айта кетейік, 2024 жылы жаяу жүргіншілер жолы мен тротуарларда көлік жүргізген 53 жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.