Павлодар облысында жылқылар кесірінен тағы бір жол апаты тіркелді

Павлодар облысында жылқылар кесірінен тағы бір жол апаты тіркелді
Фото: pixabay

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы түнгі сағат үш шамасында  Павлодар – Екібастұз тас жолының 102-ші шақырымында болған.

Көлікке айтарлықтай зақым келген. Жылқылар арнайы айып тұрағына жеткізілді. Олардың иесі Ақжол ауылының 32 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз жібергені үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Бұл факті бойынша әрі қарайғы тергеу жұмыстары жәбірленуші мен мал иесі арасында сот тәртібімен қаралады, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Биыл жыл басынан бері Екібастұз учаскелік инспекторлары қаңғыбас мал иелеріне 65 айыппұл салып, 145 жануарды арнайы айып тұрағына орналастырған.

Өңірде ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен 10 жол апаты тіркелген.