Павлодарда «ет сатып алып беремін» деп 200 млн теңге алған алаяқ ұсталды

Павлодарда «ет сатып алып беремін» деп 200 млн теңге алған алаяқ ұсталды

Ол Тараз тұрғындарынан ақша алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Polisia.kz-тің мәліметінше, алаяқтық фактісі бойынша бірнеше тараздық полицияға арызданған. 

– Олардың айтуынша, белгісіз ер адам Ресей Федерациясынан арзан бағаға сиыр етін сатып алуды ұсынған. Жәбірленушілер келісіп, алаяққа 2020-2022 жылдар аралығында 200 миллион теңге аударған, – делінген хабарламада.

Павлодар полицейлері 36 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде.

Фото: Константин Шелков