Павлодардағы әуежайда табылған ноутбук иесіне қайтарылды

Павлодардағы әуежайда табылған ноутбук иесіне қайтарылды

Ноутбуктың иесі әлеуметтік желі арқылы табылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Көліктегі полиция департаментінің мәлімдеуінше, 18 сәуірде сағат 18:50-де полиция сержанты Ернияз Шәріпов Павлодар қаласы әуежайында кезекшілік атқару кезінде жолаушылардың келу залында ноутбук тауып алған.

- Тексеру кезінде көлік сақшысы ноутбукта жазылған «amina_kozhanova» деген дерекке сүйене отырып, Instagram әлеуметтік желісі арқылы оның иесін тауып, ноутбукты қайтарып берді, - деді департаментте.

Өзін Амина деп таныстырған азаматша, 18 сәуір күні сағат 18:40 шамасында Алматы-Павлодар бағытындағы әуе рейсімен ұшып келгенін және өзінің абайсыздығынан ноутбугін әуежайда ұмытып кеткенін айтады. Ол өз ісіне адалдық танытқан көлік сақшысына шексіз алғысын білдірді.