Экология министрі Екібастұз тұрғындарымен кездеседі

Экология министрі Екібастұз тұрғындарымен кездеседі

Кездесудің орны мен уақыты қосымша хабарланатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Павлодар облысына Зүлфия Сүлейменова жұмыс сапарымен келеді.

Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың халықпен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесуі өтеді, – делінді өңірлік экология департаментінің хабарламасында.

Экология министрі Зүлфия Сүлейменова 13 шілде күні облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап беретін болады.