Жылқы еті – 2500 теңге: Павлодарда жәрмеңке өтеді

Жылқы еті – 2500 теңге: Павлодарда жәрмеңке өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Успен аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері өз өнімдерін әкеледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 10 мамырда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.

Сиыр етінің келісі – 2300 теңгеден, жылқы етінің келісі – 2300-2500 теңгеден, қой етінің келісі  –1900-2100 теңгеден, шошқа етінің келісі – 1800-2000 теңгеден, бірінші категориялы жұмыртқа ондығы  – 420 теңгеден, шикі сүттің литрі – 250 теңгеден, балдың келісі  – 2000-2500 теңгеден, картоптың келісі 110/120 теңгеден сатылады.

Өтетін мекенжайы: Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы).

Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Saryarqa» фермерлік базарында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.