Павлодар облысында балалар мен ата-аналар кешкі уақытты тиімді өткізуде
Жазғы демалыста облыс мектептерінің спорт залдарында және мектеп жанындағы спорт алаңдарында түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, сабақтар мен жарыстар «Сенің спорттағы жетістіктерің – 2023» жазғы облыстық жобасы аясында түрлі бағыттар бойынша сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі. Бұл – асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, стрит-бол, футбол, ашық ойындар және көңілді старттар.
Жарыстар өткізілетін уақыт балалар мен жасөспірімдерге, сондай-ақ олардың ата-аналарына қолайды болғандай етіп таңдалады.
– Соңғы жылдары қалалар мен аудандарда заманауи кешендермен жабдықталған жаңартылған спорт алаңдары салынуда: баскетбол, волейбол, стритбол алаңдары, тартанмен қапталған жүгіру жолдары, тренажерлер және басқа да құрылғылар. Бекітілген кестеге сәйкес айдың соңында мектептердің, қалаларда шағын аудандардың және аудандардың біріншілігіне жарыстар өткізілді. Жарысқа тек белгілі бір мектептің оқушылары ғана емес, сонымен қатар мектепке іргелес орналасқан шағын ауданның немесе ауданның барлық балалары қатысты, – дейді басқармада.
Маусым айының соңында барлық қалалар мен аудандарда айдың қорытындысы бойынша іріктеу жарыстары өткізіліп, жеңімпаздар анықталды.
Іс-шараларды мектептердің дене шынықтыру ұжымдары өткізеді. Түрлі жарыстарға 28291 адам қамтылды.