«Екібастұз» футбол клубының болашағы белгілі болды

«Екібастұз» футбол клубының болашағы белгілі болды
Фото: «Екібастұз» ФК

Клуб демеушілер іздеуді жалғастыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин клубтың келесі маусымға арналған мақсаттары мен клубтың жалпы миссиясы туралы айтты. Оның сөзінен қазіргі уақытта «Екібастұз» Премьер-лигаға шығу мақсат тұрмағанын, бірақ бұл жағдай қаржылық жағдайға қарай  өзгеруі мүмкін екендігі көрінді.

- Қажетті қаржыландыру, соның ішінде келесі жылға да, облыстық спорт департаментінің бюджеті шеңберінде бұрынғы деңгейде қалады деп көзелуде, - деді Аян Бейсекин. – Біздің мақсатымыз – кәсіби клуб аясында бұқаралық спорт пен жасөспірімдер футболын дамыту. Яғни, баса назар жасөспірімдер футболын дамытуға аударылады. Команданың мақсатына келетін болсақ, ол әдеттегідей – әрбір матчта жеңіске жету.

Клубтың қазірдің өзінде бірқатар демеушілері бар және олармен серіктестік жалғасады. Балама қаржыландыру көздері де іздестірілуде.

Айта кету керек, Екібастұз Қазақстан футболының екінші дивизионы – Бірінші лигада ойнайды. Өткен маусымда команда турнир кестесінде оныншы орын алды. Бірінші лига чемпионатында барлығы 14 команда қатысты.