Екібастұздық банк қызметкерлері зейнеткердің жинағын сақтап қалды

Екібастұздық банк қызметкерлері зейнеткердің жинағын сақтап қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол ақшасын алаяқтарға аударып жібере жаздаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әйел ақшаны емделу ақысын төлеу үшін Грузияға аударып жатырмын деп ойлаған. «Қазақстан Халық Банкі» қызметкерлері операцияның күмәнді екенін байқап, аударымды дер кезінде бұғаттаған.

Оқиғаға Киберполиция қызметкерлері де қосылды. Полиция қызметкерлері жағдайдың мән-жайын анықтап, әйелдің алаяқтық схеманың құрбаны болуға шақ қалғанын түсіндірді.

Полиция мен банк қызметкерлерінің бірлескен әрекетінің нәтижесінде ақша аударымы жүзеге аспады. Осылайша зейнеткер үш миллион теңге көлеміндегі жинағын сақтап қалды.

Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады. Алаяқтар көбіне емделу, туыстарының қауіпсіздігі немесе ақшаны шұғыл аудару қажеттілігі сияқты сылтауларды пайдаланады.