Екібастұзда өрт шыққан үйден 20 адам эвакуацияланды

Екібастұзда өрт шыққан үйден 20 адам эвакуацияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның ішінде жетеуі  – бала, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 7 қаңтарда сағат 07.08-де Абай көшесі, 49/2 мекенжайы бойынша төртінші қабатта пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. 

– Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде екі бөлмелі пәтердің балконы мен қонақ бөлмесінде 12 шаршы метр аумақта үй заттары жанып жатқаны анықталған, – дейді департаментте.  

Жоғары температураның әсерінен бесінші қабаттағы балконның 0,5 шаршы метр пластикалық бұрышы балқып кеткен.

Өрт сөндіру бөлімшелері баспалдақпен көтерілгенге дейін 20 адам өз бетінше эвакуацияланды. Оның ішінде жетеуі – бала.

Тілсіз жау сағат 07.25-те ауыздықталып, сағат 07.47-де сөндірілді.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ekibastuz qalasynyń TJB (@ekibastuz.tjb)