«Ертіс Медиа» футболшылары журналистер арасында үздік атанды

БАҚ қызметкерлері арасында дәстүрлі турнир өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Журналистер одағының Павлодар облыстық филиалы БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында шағын футболдан турнир ұйымдастырды. Бұл жолы жасыл алаңдағы тартыстар үшінші рет өтті.
– Журналистер тек интеллектуалдық тұрғыдан ғана емес, физикалық тұрғыдан да мықты болуы керек, – деп есептейді Қазақстан Журналистер одағының ПОФ төрағасы Болат Аманбаев. – Сонымен қатар, адамдардың бір-бірімен жақынырақ танысуы, бейресми қарым-қатынас жасауы пайдалы. Павлодарлық журналистер әрқашан жан-жақтылығымен ерекшеленді, турнир соны дәлелдейді деп сенемін.
Жасыл алаңға «Ертіс Медиа» ЖШС, «ERTIS», «Ирбис» телеарналарының ұжымдары, сондай-ақ республикалық баспасөздің меншікті тілшілерінен құралған команда шықты. Ашылу матчында «Ертіс Медиа» меншіктік тілшілерді 7:1 есебімен жеңсе, екінші кездесуде минималды басымдыққа қарамастан, «ERTIS»-ті сенімді түрде жеңді. Медиахолдинг командасы мен «Ирбис» телеарнасы арасындағы финалдық кездесуде бірінші орынның тағдыры шешілді. «Ертіс Медиа» футболшылары осы жолы да бәсекелестерін 6:0 есебімен сенімді ұтып, кубокты жеңіп алды.
- Біз бірнеше жыл бойы ойнап келеміз, жеңіске жетуге қашанда бір табан жақын болдық, бұл жолы барлығы біздің команда үшін сәтті болды, - дейді «Ертіс Медиа» командасының капитаны, «AIQARA» интернет-порталының бас редакторы Асыл Әбішев. – Барлық командалар соңына дейін күресіп, жеңіске деген жігерлерін, әдемі ойын көрсетті. Турнирді ұйымдастырған Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Болат Аманбаевқа алғыс айтамыз.
Болат Аманбаев турнир қорытындысы бойынша үздік журналистерден Павлодар облысының футбол құрамасы жасақталып, түрлі республикалық жарыстарда облыс намысын қорғайтынын атап өтті.