Михаил Шайдоров Қысқы Олимпиадада үздік нәтиже көрсетті
Ол Милан Олимпиадасында алғашқы бестіктің қатарына сенімді түрде енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, отандасымыз ерлер арасында жекелей сырғанауда қысқа бағдарламамен өнер көрсетті.
Мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 92,94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-орынға тұрақтады.
АҚШ өкілі Илья Малинин 108,16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды жапониялық Юга Кагияма (103,07 ұпай) иеленсе, үшінші аралық орынға 102,55 ұпаймен франциялық Адам Сяо Хим Фа тұрақтады.