«Ертіс орманы» резерватында қарақұстың ұясы кадрға түсіп қалды (ВИДЕО)

«Ертіс орманы» резерватында қарақұстың ұясы кадрға түсіп қалды (ВИДЕО)
Фото: pixabay.com/DomenicBlair

Қарақұс – Қазақстандағы сирек жыртқыш құстардың бірі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

«Ертіс орманы» резерватының мамандары кезекті дала жұмыстары барысында Қызыл кітапқа енген қарақұстың ұясын тауып, оның ішінде балапандардың өсіп жатқанын байқаған. 

–  Бұл — резерват аумағындағы қолайлы жағдайдың және табиғатты қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Бұл балапандар алғаш рет табылып отыр, – дейді резерватта. 

«Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы» қоғамдық қорының мәліметіне сүйесек, Батыс Қазақстанда қарақұс қорымының әлемдегі ең ірі популяциялық тобы орналасқан. Қарақұс (Aquila heliaca) – шөлейттерде, далада және орманды далада мекендейтін ірі қыран. 2008-2020 жылдары олардың саны Қазақстанда 3420-4260 жұпты құраған. Балапан кезінде денесі өте ашық (бозғылт сарғышқа дейін) болады. Сыртқы түрі шамамен бес жасқа дейін түрленеді, біртіндеп түсі қарая бастайды.