Павлодар облысында өсімдіктерге қауіпті жәндіктерден карантин енгізіледі

Қарағайдың қара мұртты қоңызы микоз тасымалдаушысы болуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Ашық НҚА» сайтында Павлодар облысының аумағында қарағайдың қара мұртты қоңызына карантиндік аймақты белгілеу туралы жобаны орналастырды.
Бұл жоба аймақтың азық-түлік және шикізат қауіпсіздігін қолдау мақсатында карантиндік объектілердің бұзылуынан және жойылуынан өсімдік ресурстары мен өсімдік тектес өнімдерді қорғауды қамтамасыз ету үшін, карантиндік режимді енгізе отырып, қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантиндік аймақтар белгілейді.
Ересек қоңыздар және олардың дернәсілдері ағаштарды әлсіретіп, ағаш сапасын төмендетеді. Олар сондай-ақ ағаштың көгілдір дақтарын тудыратын микоз тасымалдаушылары болып табылады.
Жоба ағымдағы жылдың 18 шілдесінде қаралады.