«Ертіс орманының» 2025 жылғы өрт маусымына дайындығы қалай?

«Ертіс орманының» 2025 жылғы өрт маусымына дайындығы қалай?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Орман өрттерін ерте анықтау жүйесі орманшылардың жұмысын жеңілдетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» табиғи резерватының бас директордың міндетін атқарушы Қазбек Әметовтің, мәліметінше, өткен жылы 38 орман өрті тіркелген. Өрттердің басым бөлігі найзағайдан болса, екі өртке адамдар себеп болған.

Жақында орнатылған орман өрттерін алдын ала ескерту жүйесініңкөмегімен 20 өрттің себептері мен көлемі анықталды. Қорықшаға жыл бойы 572 сағат бойы орманды әуеден бақылаған «Казавиалесоохрана» ұшқыштары көмектескен.

Ауқымды өрттерден келтірілген шығынды өтеу үшін резерв бір миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған.

Бірақ қатты құрғақшылық пен аптап ыстық салдарынан бес жылдағы ең көп орман өрті тіркелген 2023 жылмен салыстырғандатілсіз жау 73 пайызға азайған.

Осындай қиындықтарды болдырмау үшін орманшылар өрт қаупін азайту жоспарын құрған.

– Жердегі өрттерді ауыздықтайтын ұзындығы 570 шақырымға минералданған жолақтар қазамыз. Ұзындығы 11280 шақырымды құрайтын қолданыстағы минералданған жолақтарды күтіп-баптаймыз. Өрт қауіпсіздігі туралы 30 белгіні жаңартамыз, ал жоғары өрт қауіптілік класы болған жағдайда жауынгерлік атқыштоппен бірге он бек орнатылады, – деді Қазбек Әметов.

Биылғы маусымға жеті трактор алынған. Жоспарға 32 шағын орман патрульдік кешені мен 34 өрт сөндіру машинасын сатып алу енгізілген.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру техникасының қосалқы бөлшектеріне, азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектерге сұраныс тізімі жасалған.