Көшпенділер ойындарына орай Астанада арнайы автобустар қатынайды

Көшпенділер ойындарына орай Астанада арнайы автобустар қатынайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала бойынша азаматтарға ыңғайлы болу үшін арнайы автобустар іске қосылады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жарыс кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін бірнеше орыннан жүретін арнайы автобустар іске қосылады:

1. «Астана Арена» тұрақ аймағы

2. «Бас мешіт» тұрақ аймағы

3. «ЕХРО» тұрақ аймағы

Елорда тұрғындары мен қонақтарын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу орындарына қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 15 қыркүйекті қоса алғанда №18, 37, 303, 323 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Еске сала кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.