Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінен тікелей эфир өтеді

Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінен тікелей эфир өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы кәсіпкерлік және сауда басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

5 қыркүйек күні сағат 7:30-да «Жайлау» базарынан тікелей эфир ұйымдастырылады.

Эфир барысында апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің өту барысы көрсетіліп, саудаға шығарылған тауарлар мен олардың бағасы туралы ақпарат беріледі.