Павлодарда көктайғақта зардап шеккендер саны артты
10 қаңтар күні жарақат пунктіне 55 адам жүгінген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
№ 1 қалалық аурухананың мәліметінше, оның 13-і көктайғақта зардап шеккен, бес адам жедел жәрдеммен жеткізілген, 26 адамда түрлі жарақаттар тіркеліп, екеуі ауруханаға жатқызылған.
11 қаңтарда 36 адамға медициналық көмек көрсетілген. Олардың 36-сы көктайғақта зардап шеккен. Бір адам жедел жәрдеммен жеткізілсе, 35-і өздігінен келген. 20 адамда түрлі сынықтар анықталды, үшеуі ауруханаға жатқызылды.
– Көбінесе жабық сынықтар, иық, құйымшақ, алақан сүйектері, қабырғалар мен тобықтың сынуы кездеседі, – дейді ауруханада.
Еске сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірде дауылды ескерту жарияланды. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде боран соғып, жаңбыр аралас қар жауды.