Мемлекет басшысы Екібастұздағы ЖЭО-да жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты

Мемлекет басшысы Екібастұздағы ЖЭО-да жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Президент былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек екенін ескертті, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

– Бұл жұмыс бақылауымызда болады. Бұл – өте маңызды жұмыс. Олқылықтар болса, тиісті шешімдер қабылдаймыз. Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек. Азаматтарымыз шыдамдылық, сабырлық танытып отыр. Бірақ оның да шегі бар. Сондықтан әкімдерге осындай тапсырма берілді. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Жоспарлардың бәрін міндетті түрде іске асыру керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.