«Ертіс орманында» екпелерді сақтау үшін қар тоқтату жұмыстары қолға алынды

«Ертіс орманында» екпелерді сақтау үшін қар тоқтату жұмыстары қолға алынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Орман шаруашылығындағы негізгі мәселелердің бірі – екпелердің жерсінуі мен сақталу деңгейінің төмендігі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты зерттеулерінің деректеріне сәйкес, бұған басты себеп – топырақ ылғалдылығының жеткіліксіздігі, әсіресе көктемгі кезеңде.

Вегетация басталғанға дейін топырақта ылғалды сақтау мақсатында Шалдай филиалының Сейтен орманшылығының аумағында 15 гектар алаңда қар тоқтату жұмыстары жүргізілді. 

Жұмыстар резерват қызметкерлері тарапынан МТЗ-82 дөңгелекті тракторын пайдалану арқылы атқарылды. Учаскедегі қар жамылғысының биіктігі 15-25 см аралығында. Атыздардың арасындағы қашықтық 2-6 метрді құрайды.

Мұндай іс-шаралар топырақта ылғалдың жиналуына ықпал етіп, орман екпелерінің жерсіну деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.