Мал сияқты жерге тастады: Павлодарлық ауруханада қызметтік тексеріс болады
Әлеуметтік желіде көліктің еденінде зейнеткерді тасымалдаған видео пайда болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Видео авторының жазуынша, МРТ жасау үшін қарияны ауруханаға жеткізуге көлік табылмаған.
– Әженің артық салмағы болған соң көліктің еденіне көрпе төсеп апаруға тура келді. Бұл – 21 ғасыр. Не деген масқара? Мал сияқты жерге тастады, еденде жатыр, – дейді желі қолданушысы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен № 1 қалалық аурухана әкімшілігі аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізілетінін және мұндай жағдайға жол берген қызметкерке қатысты қатаң шара қолданылатынын хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram