Павлодар облысында мешіт қызметкерлерінің күзгі семинарын Ерсін Әміре бастады

Павлодар облысында мешіт қызметкерлерінің күзгі семинарын  Ерсін Әміре бастады
Фото: ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметі

Іс-шараға өңірдегі мешіттерге қарасты барлық дін қызметкерлері қатысуда, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, мүфтияттың оқу-ағарту бағытының талабына сай  Павлодар облысы өкілдігінің күзгі семинарлары басталды. 

Жиындар Павлодар ауылындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің жанындағы «Қасым қажы» мешітінде өтуде.

Алғашқы кездесу ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі   уағызшы, жас ғалым Ерсін Әміре мырзаның лекциясымен басталды, қазіргі өзекті мәселелер көтеріліп, сұрақ-жауаптармен аяқталды.

Семинар әрі қарай  Құран, тәжуид,  ақида, дін мен дәстүр бағыттары бойынша жалғасын табатын болады.