«Павлодар ЭТК» басшысы Аққулы ауданындағы нысандарды тексерді

«Павлодар ЭТК» басшысы Аққулы ауданындағы нысандарды тексерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Еңбек қауіпсіздігі күні аясында энергетиктердің жұмыс орындарына аудит жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ-ның бас директоры Александр Глотов сапар барысында Лебяжі аудандық электр желілері мен 110/10 кВ «Лебяжі» қосалқы станциясының жұмысы қаралды. Бұл нысандар Аққулы ауылын және аудан тұтынушыларын үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

– Сапар барысында ауданды сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр жабдықтарына жан-жақты тексеру жүргіздік. Жедел-диспетчерлік қызметте, өткізу қызметінде және электр энергиясын бақылау және есепке алу учаскесінде жүктелім-рұқсат жүйесінің қалай жұмыс істейтінін тексердік. Мұнда барлық жұмыстар регламент бойынша қатаң атқарылуы қажет, өйткені бұл адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, – деді «Павлодар ЭТК» АҚ бас директоры Александр Глотов.

Компанияның мәліметінше, мұндай тексерулер өндірістік тәуекелдерді дер кезінде анықтауға және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауға мүмкіндік береді.