Павлодар мен Қарағанды арасындағы трассада екі аңшы жоғалды

Павлодар мен Қарағанды арасындағы трассада екі аңшы жоғалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іздеу жұмыстарына полиция мен еріктілер қатысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«VITA» іздеушілер тобының мәліметінше, Қарағанды бағытындағы трассада екі ағайынды ер адам із-түзсіз жоғалды. 

Олар 10 қазан күні Солнечный кентінен «Лада Нива» (S 494 VSM) көлігімен аң аулауға шыққан. Сол күннен бері олармен байланыс үзілген, телефондары сөндірулі. Еріктілер мен полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іздеу шараларына екібастұздық еріктілер де қатысуда, – делінген хабарламада.

Куәгерлерден жоғалған азаматтар туралы кез келген ақпаратты еріктілерге хабарлау сұралады.

Байланыс нөмірлері: 8 747 615 5563 – Катерина, 8 778 295 9755 – Самал.

Еріктілер ақпаратты барынша таратуға және іздеу жұмыстарына көмектесуге шақырады.