Колхозшының өлімі: Павлодарда скутер жүргізушісін қағып кетті
Скутер жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 00:00 шамасында Назарбаев даңғылы мен Естай көшелерінің қиылысында «JAC» автокөлігі мен «ZIDANYI» скутері соқтығысқан. Салдарынан скутер жүргізушісі жарақат алған.
Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша тергеу жүргізілуде. Көлік пен скутер айып тұрағына қойылды.
Айта кету керек, аталмыш жол-көлік апаты орын алған көшелердің қиылысы халық арасында «Колхозшының өлімі» деп аталып кеткен.