Павлодарда Ертістің жағасында серуендеген бала жарақат алды

Павлодарда Ертістің жағасында серуендеген бала жарақат алды
Фото: pixabay.com

Құтқарушылар бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында балаларды көріп қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ертіс өзенінің орталық жағалауында мұз жиегімен серуендеп жүрген үш жасөспірімді көрген. Балалардың біреуінің аяғы мұздағы бос қуыс жерге түсіп кетіп, жарақат алған.

Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына келіп, үшеуін де тексеру үшін құтқару станциясына жеткізді. 2012-2013 жылдары туған жасөспірімдер болған. Зардап шегушінің аяғын құтқарушылар қарап, тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, – деді департаментте.

Құтқарушылар қатпаған мұзға шығу қаупі туралы ескертеді. Ата-аналарға балалармен су қоймаларына жақын жерде қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, профилактикалық әңгіме жүргізуге кеңес беріледі.