Павлодар облысында 500-ден астам жүргізуші қарсы жолаққа шыққан

Павлодар облысында 500-ден астам жүргізуші қарсы жолаққа шыққан
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол ережесін бұзған жүргізушілердің бірі алты айға көлік басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Астана – Павлодар тасжолының 235-шақырымында Toyota Land Cruiser жүргізушісі жол белгілері мен таңбаларын елемей, қарсы қозғалыс жолағына шығып, басқа көлікті басып озған.

Тәртіп сақшылары жүргізушіге қатысты тиісті шаралар қабылдады. Ол алты ай мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Жыл басынан бері өңірде қарсы қозғалыс жолағына шығудың 552 дерегі анықталған.

Полицейлер мұндай әрекет жолдағы ең қауіпті маневрлердің бірі екенін ескертеді. Қарсы бағыттағы көліктің жылдамдығы мен арақашықтығын дұрыс бағаламау ауыр жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін.