Павлодар облысында балаға футбол қақпасы құлады

Павлодар облысында балаға футбол қақпасы құлады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол травматология бөлімшесінде ем алуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 31 шілдеде сағат 15:08-де Павлодар ауданы Жертұмсық ауылында балаға қақпа құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Төрт жасар бала жабық ми жарақатымен және ми шайқалуымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Ата-анасының айтуынша, баланың үстіне футбол ойын алаңындағы қақпа құлап кеткен. Қазіргі кезде баланың жағдайы қанағаттанарлық, – деді облыстық балалар ауруханасының балалар нейрохирургі Талғат Қасымбеков.

Зардап шеккен ер балаға қажетті емдік және диагностикалық шаралар жүргізілуде.